Кеше КЛМЗ 40 қызметкері Астана қаласындағы “Жас көрерменнің музыкалық театрында” “Гауһартас” мюзиклін тамашалады.
⠀
«Гауһартас» – қазақ даласындағы қарапайым шаруа шаңырағының қыр-сырын сонау 1975 жылдан бүгінгі күнге дейін жеткерген шығарма. Оқиға бір үйдің екі баласының екі түрлі тәрбиесі, бірінің қаталдығы, ал екіншісінің мейірімділігімен ерекшеленеді.
⠀
Театр сахнасындағы қойылым көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Біздің қызметкерлеріміз де жоғары деңгейде қойылған мюзиклді тамашалап, керемет көңіл-күй алды. Сондай-ақ, осындай мәдени демалыс сыйлап, мүмкіндік берген
@zhanibek_baigabelov алғыстарын айтты.