Рубрики
Архив новостей Новости

М. Мишустин РФ премьер-министрі 🇷🇺:«Мұнай сорғысын Гжель үлгісінде бояудың өзі — тапқырлық!»

М. Мишустин РФ премьер-министрі 🇷🇺:«Мұнай сорғысын Гжель үлгісінде бояудың өзі — тапқырлық!»

Дәстүрлі түрде жаз мезгілінде Қазақмыс тобының кәсіпорындары Екатеринбург қаласында өтетін Innoprom халықаралық көрмесіне қатысады.

Биылғы жылы Иннопромда 60 елден келген компаниялар өз өнімдерін ұсынды🌏

Биыл барлық рекордтар жаңартылуда: қатысушылардың рекордтық саны, сондай-ақ көрмеде 900-ден астам компанияның өнімдері ұсынылған. Келісімшарттар саны да бұрыңғыдан көбірек 🫱🏻‍🫲🏽📑

Біздің корпоративтік стендке РФ 🇷🇺, Беларусь 🇧🇾, Тәжікстан 🇹🇯 және Қырғызстан 🇰🇬 премьер-министрлері келді.

Қазақмыс корпорациясы басқармасының төрағасы Н.Нуриев қонақтарға KLMZ 👨🏻‍🏭, Qazgeophysics👷🏻‍♂️, КЦН👨🏻‍🔧 және Қазгидромедь👩🏻‍🔬 компанияларының соңғы әзірлемелері мен жоспарларын таныстырды.

Жауап ретінде М. Мишустин KLMZ-да халықаралық API стандарты бойынша өндірілген біздің станок-качалканың ерекше бояуын 🎨 атап өтті.