Кеше КЛМЗ қызметкерлері 🏭 Орлов көшесінің бойына 86 қарағай отырғызды. Завод ұжымының бастамасына акимат өкілдері де қолдау білдірді. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Амантайұлы Алпысов күзгі отырғызу кезінде тағы бір аллея салуды ұсынып, бұл бастаманы KLMZ басқарма төрағасы Жанибек Алтынбекұлы қуана қабылдады.
Өйткені ✨жайлы орта қалыптастыру✨ тек Заводта ғана емес, бүкіл қалада — KLMZ-дің басты қағидаттарының бірі 🇰🇿