Бүгін түске дейін зауытымызға “Kalamkas-Khazar Operating” ЖШС мен “ҚазМұнайГаз Инжиниринг” өкілдері келді. Өздеріңіз білетіндей, бұл – еліміздегі мұнай-газ саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Жоба жүзеге асқан жағдайда, Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 10%-ға артады 🇰🇿
“KLMZ – табысты отандық машина жасау кәсіпорны ретінде бұл жобада нақты қатысуға әлеуеті бар. Біздің өндіріс алаңына келуіміз осы мақсатпен байланысты”, – деп атап өтті қонақтар.
Жалпы инвестиция көлемі 10 миллиард АҚШ долларына дейін жететін мұндай ауқымды жобалар отандық машина жасау саласының дамуына зор серпін береді.