Рубрики
Архив новостей Новости

KLMZ ИННОПРОМ-ға 4 жыл қатарынан қатысуда

Осы аптада көптен күткен іс-шара — Қазақстандағы «Иннопром» халықаралық көрмесі өтті.

Әр түрлі елдерден 400-ден астам компания Астана қаласында 12 мың шаршы метр аумақта өз өнімдері мен ақпараттарын ұсынды. Үш күн ішінде көрмеге 20 елден келген 10 мың адам қатысты.

20 мамандандырылған сессия өткізіліп, онда ТМД-ның ең мықты 60 спикері баяндама жасады.

KLMZ @kazakhmys_official құрамындағы «Kazakhmys Barlau», «Qazaq Geophysics», «KAZ GREEN ENERGY» және «Kazakhmys Smelting» компанияларымен бір стендте жобаларын ұсынды.